ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНАН МЫҚТЫЛАР ІРІКТЕЛДІ Избранное

Среда, 22 Май 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1375 раз

Шымкентте «Көрме» орталығында әуесқой шахматшылар арасында «Senat Open» турнирі өтті. Турнир ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен, Қазақстан шахмат федерациясы мен Шымкент қаласы мәслихатының қолдауымен ұйымдастырылды. Шахмат турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120-дан аса өтініш келіп түскен. Ойынды 7 адамнан құралған төрешілер алқасы қадағалады.

Shaxmat-1

 

– Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеуді, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігін айтып келеді. Осы тұрғыда шахмат спортын дамыту туралы Үкіметке де тапсырма беріп, кешенді жоспар жасалған болатын. Сондықтан да қазіргі уақытта әуесқой шахматшылар арасында осындай ойындарды ұйымдастыру қолға алынып отыр. Шахматтың адамның ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға көмегі зор. Бүгінгі ойынға 86 жастағы қария да қатысып отыр, ешқандай жас шектеуі жоқ. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі болатындай іс екені анық, – деді қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

Shaxmat


Турнир FIDE ережесіне сәйкес 7 турмен өтті. Әр турға 15 минут уақыт берілді.
Ойын қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3-орындармен марапатталды. Сонымен, төрешілер шешіміне сәйкес жеке құрамда сайысқа түскен Әл-Фараби ауданынан Сейтжан Джаханов 1- орынды иеленсе, 2-орын Абай ауданынан сынға түскен Нұрсұлтан Жұмадуллаевқа бұйырды. 3- орынға Әл-Фараби ауданынан қатысқан Сұлтан Садықов жайғасты.
Ал, командалық есеп бойынша 1-орын – Әл-Фараби ауданы, 2-орын – Абай ауданы, 3-орын Қаратау ауданына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді. Ал, жақсы ойын көрсеткен қатысушыларға ынталандыру сыйлығы – алғыс хат пен сертификат берілді.
Турнирде іріктелген 25 үздік шахматшыға 18 маусым күні қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік жартылай финалға жолдама берілді. Жартылай финалдан өткен жеңімпаздар Астана қаласында өтетін финалдық ойындарда бақ сынайды.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.