УЕФА ойыны – Шымкентте Избранное

Среда, 10 Июль 2019 04:09 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3227 раз

Ертең, 11 шілде күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Ордабасы» клубы грузиялық «Торпедо» командасымен кездеседі.

ордабасы

Айта кетерлігі, «Ордабасы» клубы 3 жыл мерзімнен соң Шымкент қаласында Еуропа лигасының матчын өткізбек. Команда соңғы рет Шымкентте Еуропа лигасының матчын 2016 жылдың 7 шілдесінде сербиялық «Чукаричкиге» қарсы өткізген. Билет бағасына тоқталсақ, зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнында білім алатын жастарға билет бағасы 200 теңгеге дейін болса, ересектерге – 500 теңге. Ойын сағат 20:00-де басталады.
Касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сіздерді матчта күтеміз! Алға, «Ордабасы»!