Жақсы дәстүр жалғасты

Среда, 11 Май 2016 04:11 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4882 раз

Шымкенттегі жеңілатлетикалық манежде екі күн бойы грек-рим күресі балуандарының тартысты бәсекесі өтті. Академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған республикалық ашық турнир биыл да мықтылардың басын қосты. Дәстүрлі жарыс ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 23-ші рет ұйымдастырылып отыр.

13092070 803447733118495 6876924673502079856 nБұл сайыс білекті балуандардың тәжірибе алаңына айналар бәсекесі болып қала бермек. Жарысқа жиналған көпшіліктің пікірі осындай. Биылғы турнирге еліміздің барлық өңірінен, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан да спортшылар келді.
Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаты, ОҚМПИ ректоры Оңалбай Аяшев, облыс спортының басы-қасында жүрген азаматтар және Мардан Баймырзаұлының бауырлары қатысып, ақжарма тілектерін айтты. Сайыстың ғұмыры ұзақ болуын тіледі.
Облыс балуандары екі алтын, үш күміс, үш қола жүлдемен жалпы есепте озық шықты. 66 келіде Әділхан Сатоев пен 71 келіде Рамазан Мұстафаев алтын жүлдегер атанды. Былтырғы жеңімпаз Нұрсұлтан Қалмұрзаев бұл жолы күміс жүлдені қанағат етті. Жастар дуынан ересектерге ауысқан
Абылайхан Әмзеев (66 келі) пен Рашид Кочиев (75 келі) те осы межеден көрінді. Үшінші орын иегерлері – Рустам
Гасимов (98 келі), Шамил Батыров (85 келі) және Әліби Нұрмаханбетов (130 келі).
Алматы қаласы екі алтын жүлдемен екінші сатыға жайғасты. Үшінші орын – бір алтын, бір күміс және екі қоланы олжалаған Өзбекстан қомандасының еншісінде.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « Жұбан – жеңiмпаз! Балуандар Арыста белдестi »