Қатысушылар алты қашықтықтың бірін таңдай алады: Бастауыш (5 км), жүгіруші (10 км), жартылай марафон (21 км), марафон (42 км), Сканди (5 км), Экиден (42 км). Ал марафонның жүлде қоры – 14 000 000 теңге.
Биылғы марафонның ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі балалар марафонда бақ сынай алады. Олар ата-анасының бірінің көмегімен жүгіреді. Күні бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі 70 бала қатысуға өтініш берген. Олар Әл-Фараби алаңынан Имран сауда үйіне дейінгі аралықта жүгіріп өтеді.
Қатысушыларды тіркеу 16 қыркүйек күні сағат 17.59 минутта аяқталады, дейді ұйымдастырушылар.
Салауатты өмір салтын қолдаушы және жеңімпаз ретінде сезіну үшін марафонға қатысыңыз!