Ұлттық рухымыз, киелі құндылығымыз
Пятница, 02 Июнь 2023 04:51Атаулы күнге биыл 31 жыл толып отыр. Алдымен, тарихымызға кішкене көз жүгіртсек, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін бекіту барысында арнайы шығармашылық комиссия тағайындалған болатын. Тұлғалар бақтарын сынап, туындыларын ұсынды. Көптің ішінен Ту авторы – Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбектері бағаланды. 1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжмеденовтың «Менің Қазақстаным» әнінің бастапқы мәтінін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заманға лайықты етіп өңдеп, 2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті жаңа Мемлекеттік гимні ретінде бекітті.
ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
Среда, 24 Май 2023 05:46Абай ауданында жыл соңына дейін 60 көше жаңарып, ел игілігіне беріледі. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Б.Парманов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
АТА КӘСІПТІ ЖАҢҒЫРТҚАН КӘСІПКЕР
Среда, 24 Май 2023 05:43«Бастау Бизнес» жобасына қатысып, грант алған шымкенттік Есенгүл Жанпейісованың кәсібі өзгелерге ұқсамайды. Ол Шымқалада ата кәсіпті жаңғыртып жүрген бірден бір кәсіп иесі. Жылқы майын ерітіп, оны емдік мақсатта пайдалануда кәсіптің көзіне айналдыра білген Есенгүл ханым туралы тарқатып айтсақ.
«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАН»
Пятница, 19 Май 2023 04:32Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан» жиыны өтті. Оған сала қызметкерлері мен Жоғары медицина колледжінің студенттері атсалысты.
Әрекет түбі – берекет
Среда, 03 Май 2023 05:37Назгүл Сабаева өзі пісірген француз батонымен көрші-қолаңға танымал болған наубайшы. Шағын кәсіптің шырайын келтіріп отырған наубайшымен сұхбаттасудың сәті.
Тамызығын тапсаң, тас та жанады
Среда, 19 Апрель 2023 04:16Шымкенттіктер – еңбекқор, кәсіпке бейім, жалқаулыққа жаны қас. Айналамызға мән беріп қарасақ, шаһарда өз кәсібін дөңгелетіп, тіршілік қамын жасап жүрген жандар өте көп. Мәселен, әрбір шаңырақтың күнделікті табыс алып келетін жеке бизнесі бар десек артық айтпағанымыз. Тіпті бала күтіміндегі аналардың өзі үйінде отырып-ақ қолынан келген ісін жандандырып жібереді. Осындай шағын кәсіп иелеріне «Бизнес бастау» бағдарламасы да таптырмас мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі мақаламызда аталған жоба шеңберінде қолдау тауып, нақты нәтижеге қол жеткізген Салтанат БАТЫРХАНҚЫЗЫ туралы баяндамақпыз.
«БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН - 2023»: ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ТАЛАБЫН ҰШТАЙТЫН БАЙҚАУ
Среда, 19 Апрель 2023 04:11Қазақ жастарының арасында кеңінен тойланатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні 15 сәуірде аталып өтеді. Ғашықтар күні деп белгіленген бұл мерекенің негізін қалаушы – қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай. Бүгінде осы мерекеге орай түрлі оқу ұйымдарында «Бозбала мен бойжеткен» байқауы дәстүрлі түрде өтіп, ең жарасымды жұпты анықтайды.
ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Пятница, 07 Апрель 2023 03:35Шымкенттік 40 жас сарбазды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына салтанатты рәсіммен шығарып салды. Оқушылар сарайында өткен кешке қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары қатысты.