Достық мерекесіне айналды
Четверг, 03 Ноябрь 2022 05:01Шымкентте «Special Olympics Kazakhstan» жоба аясында боулингтен турнир өтті. Екі күнге созылған республикалық турнирге Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан келген жасөспірімдер қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
–Оқу-ағарту министрлігінің тікелей басшылығымен барлық білім ұясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып келеді. Ал, бүгінгі сайыста ерекше балалар ойын көрсетеді. Олардың мұндай сайысқа қатысқанының өзі ерлік. Оқушыларды тыңғылықты дайындаған ұстаздардың еңбегі көңіл қуантады. Барлық жас спортшылар биік тұғырдан көрінуге лайық, - деді Жанат Тәжиева.
Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боулингтен республикалық турнирге Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының білім басқармасы, «GALAXY BOWLING» ойын-сауық орталығы, «Визит»ЖАҚ, «Sity» қонақ үйі қолдау білдірді.
– Боулинг сайысы балаларға қай жағынан алып қарасақ та, өз көмегін тиігізері анық. Жарысқа келген балалар арнайы әлеуметтік қызмет орталығынан болғандықтан, сыртқа көп шықпайды. Сондықтан олар осындай жарыстар арқылы бір сергіп, өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді,- деді Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерік Асанұлы.
Арнайы Олимпиаданың миссиясы – зияткерлік дамуында ауытқулары бар балалар үшін әртүрлі олимпиадалық спорт түрлері бойынша жыл бойы жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық жетістіктері арқылы өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі қорғауды дамыту. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді, жұмыс мүмкіндіктерін ашады және нәтижесінде қоғамға көбірек қатысуды қамтамасыз етеді.
АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ
Среда, 26 Октябрь 2022 04:46Әскери–патриоттық тәрбие — жас сарбаздардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал етеді. Отанды қорғау үшін еліміздің барлық ер азаматы атыс қаруының түрлерін және әскери техниканы меңгеруі міндетті.
«Тарихи күндер тізбегімен» фестивалі мәресіне жетті
Среда, 26 Октябрь 2022 04:29Егеменді еліміздің салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған фестивальде Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары өнер көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді.
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ КАРТИНГТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ
Среда, 19 Октябрь 2022 07:52Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Rafe» мейрамханасының қолдауымен «Jas Team Kart» жобасы аясында картинг жарысы өтті.
ДҰРЫС ҰСТАНЫМДАҒЫ ЖАСТАР ТУРА ЖОЛДАН АДАСПАЙДЫ
Пятница, 14 Октябрь 2022 04:59ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Қаратау ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ғимаратында болған жиынға қоғам қайраткері Еркін Тұрниязұлы, Шымкент қаласы мәслихат депутаттары қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай және студенттер қатысты.
Өмірге құштар жастар
Пятница, 14 Октябрь 2022 04:57Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі мен шахмат ойындарынан арнайы жарыс өтті.
ЗОРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ
Среда, 12 Октябрь 2022 05:43Мемлекет басшысы 2022 жылдың кыркүйек айындағы Жолдауында «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр… қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды» деп қоғамдағы зорлық-зомбылыққа алып келетін әрекеттермен күресу қажеттігін нұсқаған болатын.
Қазақ театрының тау тұлғасы
Среда, 12 Октябрь 2022 05:21Жуырда Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрында көнекөз ақсақалдармен кездесу өтті. Қазақтың тұңғыш театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосуда ұрпағы, осы театрда қызмет еткен Қасымхан Шаниннің көзін көрген өнер саласының ардагерлері қатысты.