—Бүгінгі таңда жеңілдетілген бағада жанар-жағармай таратушы 4 оператор анықталды. Ол «Sapaly Munai», «АЗК Алмаз», «Иксан групп» және «Шахат инвест» ЖШС-лер. Дизельді отынның литрі 189 теңге болып бекітілді. Бүгінге дейін 290 тонна арзандатылған жанар-жағармай босатылып үлгерді. Жалпы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 2000 тонна жанар-жағармай бөлінген,- деді Талғат Тойлыбайұлы.
Сонымен бірге спикер өз баяндамасында шаруаларды 30 маусымға дейін жеңілдетілген дизель отынын алу үшін басқармаға тиісті құжаттарын өткізіп үлгеру қажеттігін атап өтті.