ҚОС БАТЫРДЫҢ ЕСІМДЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1179 раз

Шымкент қалалық опера және балет театрында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың туғанына – 120 жыл және Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауынбаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлікке толы ғұмыр» танымдық кеші өтті.

91

 

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 жыл және Ұлы Жеңіске 77 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің басшысы Ғазиз Төлеуішевтің айтуынша, жыл басынан бері батырдың есімін ұлықтау мақсатында 11 іс-шара өткізілген.
— Мерекелік кешті Жеңіс күні қарсаңында батырлар есімін ұлықтау және олардың ерлік жолдарын болашақ Отан қорғаушыларға үлгі тұту, сондай-ақ, жастардың бойында патриоттық рухты шыңдау, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін нығайту мақсатында ұйымдастырдық, – деді Ғазиз Әуесқанұлы.
Мерекелік іс-шараға, сондай-ақ, ҚР Қарулы
Күштерінің, Ауған соғысының ардагерлері, қос батырдың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, С.Рахымов атындағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.