МҮГЕДЕКТІКТІ ТАҒАЙЫНДАУДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ Избранное

Пятница, 22 Апрель 2022 03:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1183 раз

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев брифинг берді.

70

 

Онда спикер 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап көбейтілген зейнетақы мен жәрдемақылар, медициналық әлеуметтік сараптамадан өту мүмкіндіктерін оңтайландыру мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау жұмыстары, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылған тірліктер жайында баяндап өтті.
–«2022-2024» жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасына сәйкес зейнетақы мен жәрдемақылар инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, қайта есептелді. Бүгінгі таңда айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңгені, ең төменгі зейнетақы–48 032 теңгені, ең төменгі базалық зейнетақы – 21 191 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері–37 389 теңгені, ең төменгі жалақы – 60 000 теңгені құрайды. Биылғы инфляция деңгейі 8-10 пайыз аралағында болады деп болжанып отыр. Зейнетақы мен жәрдемақылар жыл сайын инфляция мөлшеріне қарай индекстеледі,- деді Бахтияр Әлтайұлы.
Департамент басшысы мүгедектікті тағайындау мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа ешқандай жол берілмейтінін ескертті. Ал, парамен мүгедектікті сатып алуға болады деген сөз алып-қашпа әңгіме екенін жеткізді. Оның айтуынша, департаментте камералар 24 сағат аудио және видео бақылау жүргізеді. Оған қосымша тұрғындар құқықбұзушылық фактісі орын алса, 27-61-31 телефон нөміріне хабарласа алады.
Сонымен бірге, Бахтияр Әлтайұлы 2021 жылдың 1 қарашасында 12 ауруды сырттай мүгедектікке куәландыру бойынша қолға алынған пилоттық жобаны іске асыру жөнінен Шымкент қаласы тиісті нәтиже көрсете алмай жатқанын жеткізді. Осыған орай бүгінгі таңда мамандарды оқыту бағытында жұмысты жандандыру керектігін мәлімдеді.