САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 04 Февраль 2022 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1423 раз

Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүруде. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті 100 пайыз мобильді және талшықты-оптикалық интернет желісімен қамту көзделуде. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдраханов арнайы ұйымдастырылған баспасөз турында мәлімдеді.

18

 

Әсет Маратұлының айтуынша, интернет сапасын арттыру мақсатында өткен жылы қалалық әкімдік Маңғыстау облысынан екі ірі инвестор тартқан. Бүгінгі таңда шаһарда интернет байланысын жақсартумен «Қазақтелеком» АҚ-дан бөлек жеке инвесторлық компаниялар да айналысып жатыр.
— Өткен жылы Шымкенттің 10 елді мекені сапалы интернетке қосылды. 14 базалық станция орнатылды. Биыл 15 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылады. Қазіргі таңда қаланың 60 пайызы талшықты-оптикалық, 91 пайызы мобильді интернетке жалғанған. Базалық станция орнатылмаған 22 елді мекен қалды, - деді Ә.Абдраханов.
Талшықты-оптикалық кабель тарту ісімен айналысушы инвестордың бірі – «SAS Telecom» ЖШС. Компания өкілі Нұрсәбит Сапарбековтің айтуынша, былтыр Сәуле шағынауданын сапалы интернетке қосуға 50 млн. теңге қаржы жұмсаған. Забадам елді мекеніне интернет желісін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Кейінгі кезекте Қазығұрт, Құрсай, Бадам-1 және Қарабастау елді мекендері сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.
— Сәуле шағынауданында 300 абонент бар. Соның 40 пайызы интернетке қосылған. Забадам елді мекенінде интернет байланысы желісін тарту ісін 70 пайызға аяқтадық. Оған 30 млн. теңге қаржы жұмсалды. 20 шақырым талшықты-оптикалық желі тартылды. Кабельді интернет отбасы үшін өте тиімді әрі арзан. Wi-Fi құрылғысымен отбасының барлық мүшесі интернетке еш кедергісіз қосыла алады. Бүгінгі таңда интернет байланысының орташа құны кемі 2,5 мың теңге тұрады. Отбасы мүшелерінің әрқайсысын қосқанда оның құны 10 мың теңгеден асып кетеді. Ал үйдегі кабельді интернетке бар-жоғы 6 мың теңге төлейді. Сондықтан талшықты-оптикалық интернет байланысы отбасылық бюджет үшін соншалықты қымбат емес, - деді Нұрсәбит Нұрходжаұлы.