Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарында Шымкент қаласының əкімдігіне тиесілі секторда белсенді жұмыс жүруде.
№10 сектордың штабы Арыс қаласындағы М.Əуезов атындағы орта мектепте орналасқан.
Штаб басшысы, Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Мамыталиевтің мәлімдеуінше, №10 секторға қарасты 646 үйдің 613-ін қалпына келтіру қажет. Қазіргі таңда 143 үй қалпына келтіріліп, 25 үй толық қайта салынады.
Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімдігі 11 мердігер мекемемен келісім-шарт жасасты. Қазіргі таңда Шымкент секторында қалпына келтіру жұмыстарына 512 жұмысшы жұмылдырылған.