Шымкентте орталық көшелерді жөндеу басталды. Қазіргі таңда мамандар Темірлан тасжолын, Бәйдібек би, Тәуке хан және Д.Қонаев даңғылдарын жөндеуге кіріскен.
Айта кетейік, қаладағы жол жөндеу жұмыстары бір апта бұрын басталды. Бастапқыда шұңқырлар тазаланып, тегістелді. Қазіргі таңда сол учаскелерге асфальт төселуде. Осыған орай сала мамандары тұрғындардан түсіністік танытуды сұранады. Себебі, көшелердегі шұңқырлардың барлығын бір аптада жөндеу мүмкін емес, бұған қоса жұмыс ауа райына да байланысты жүреді.
Сонымен қатар, Сайрам көшесі жаңа технологиямен жөнделмек. Соның нәтижесінде асфальт төсеніші тегіс, бұзылмай сақталады дейді мамандар.