ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 482 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар елдімекенді аралап, инфрақұрылым мәселелерінің шешімін қарастыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

akim99993030

 

Көшпелі жиын барысында Нұртас, Тассай, Самал-3 шағынаудандарындағы Үшқара, Мыңарал, Сазтөбе, Алтынбастау көшелерінің азаматтары жолды асфальттау және жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, Мыңарал көшесі тұрғындары қоғамдық көлік қозғалысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Ал Сазтөбе көшесінің халқы балалар ойын алаңшасы мен ардагерлер аялдайтын демалыс орнын салу бойынша сұраныс білдірді.
Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың талап-тілектері жыл соңына дейін толық жүзеге асатынын айтып, тиісті басшыларға тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.