Жемқорлықпен күресте күш біріктіру маңызды Избранное

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1117 раз

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

808

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргізу бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткен жиында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов қоғамда жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңызы туралы әңгімеледі.
— Биыл елімізде «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылданды. Бұл қоғамдық кеңестер қызметінің маңызын арттыра түсті. Біз қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып қоғамда жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға үлес қосуымыз керек, — деді ол.
Сондай-ақ, кездесу барысында Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев те сөз алып, кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Мұнан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңесінің мүшелері Шымкент қаласындағы еріктілермен де кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жастармен еркін форматта пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді.