ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ – ЕКПЕ АЛМАҒАНДАР Избранное

Среда, 01 Ноябрь 2023 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 823 раз

Шымкентте қызылшамен ауырған науқастар саны көбейген. Жыл басынан бері қалада 4 795 жағдай тіркеліп, 2026 диагноз расталған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері баспасөз брифингінде мәлімдеді.

714

 

–Жыл басынан бері 167 мектептен 721 оқушы және 337 балабақшадан 1943 бала қызылшамен ауырған. Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 238 пациент (33 ересек, 205 бала) стационарлық ем алуда. Қызылшамен ауырғандардың 90 пайызы екпе алмағандар. Осы орайда Шымкент қаласының тұрғындары арасында қызылшаның таралуына жол бермеу мақсатында нақты шаралар қабылданды. Атап айтсақ, қалада қызылшаның одан әрі таралуын азайту және алдын алу бойынша қалалық штаб құрылды. Эпидемиологиялық ахуалды бақылап, қызылшаның таралуын қадағалау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі, – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Сәуле Дүйсенбаева.
Эпидахуалға байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қоры 120-дан 240 төсекке дейін көбейтілген.
Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді жолы вакцинация екенін атап өтті.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.