«Базар жастар лигасы» сайысы басталды

Пятница, 11 Август 2023 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 813 раз

bazar-jastar-ligasy

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» футбол және волейбол турнирі өтіп жатыр. Халықаралық жастар күніне орай, биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеге қаладағы базарлар және сауда орындарының командалары қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, базар жастар лигасы алда дәстүрлі сайысқа айналатынына сенім білдірді.

Алғашқы сайысқа 200-ге жуық өтінім түсіп, жалпы 16 команда бақ сынап жатыр. Атап айтқанда,«Барыс»,«Тұлпар»,«Авто-Нұр»,«Айна»,«Жібек жолы»,«Алаш»,«Акбар»,«Көне қала»,«Пионер»,«Орталық қырғы» базарлары және «Технодом»,«Эврика»,«Магнум»,«Мечта», Sulpak,«Север» сауда орталығы командалары жастары өзара мықтыларды анықтайды.

Ұлдар арасындағы футбол сайысы 11 тамыз күні қорытындыланады. 14 тамызда қыздар арасында волейбол сайысы басталады. Жеңімпаз командалар қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.