Ауқымды мектеп жәрмеңкесі өтеді

Пятница, 11 Август 2023 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 739 раз

yarmarka-mektep

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтеді.

Акция аясында 12 және 19 тамыз күндері ауқымды мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар, оның ішінде мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар арзан бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады.

Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты: Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені, сағат 09:00-ден 15:00 аралығында.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.