Шымкент — мәдениет ордасы. Бүгінде мегаполис тұрғындары үшін онға жуық театр ұжымы қызмет етіп, түрлі жанрда қойылымдар ұсынып келеді. Осындай өнер ұжымының бірі — Шымкент қалалық өзбек драма театры. Жуырда театрдың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мекеме директоры Мирвахид Мырсабырұлы МИРАЗИЗОВПЕН сұқбаттасудың сәті түскен еді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ОҚМПУ 80 жылдығы және «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Жаңғырған Қазығұрт» атты салтанатты мерейтойлық концерті өтті.
Поэзия сүйер қауым «Шам жарығындағы кездесуде» бас қосты. Шабыттары шарықтап, арман жолында мазмұнды өлең жазуды мақсат тұтқан жастар биыл 5 жылдығын атап өтуде.

РЕЗОНАНС ТУДЫРҒАН ҚОЙЫЛЫМ

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:30 Автор
Театр — ұлт тәрбиесінің жаршысы. Себебі, театрға ақыл айтып, тәрбиелеу тетігі берілмесе де, қоғамдағы түйткілді тақырыптарға түрен салып, ықпал ету мүмкіндігі бар. Жуырда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жас драматург Қ.Мұраттың «Мұғалім» пьесасы негізінде «Мектеп» драмасын сахналады.

Мейірімге толы тасқын бол!

Пятница, 17 Декабрь 2021 00:00 Автор
«Menin Armanym» корпоравтивтік қоры денсаулығында кінәраты бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Қордың ұйым ретінде тіркелуіне дүниежүзіндегі «Make a wish» қорының жұмысы әсер етті деуге болады. Қор армандарды www.menin-armanym.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды. Кінәраты бар балалардың ата-анасы, туыстары, еріктілер, яғни кез-келген адам…

Сәбилерге – «сүйінші-бокс»

Среда, 22 Декабрь 2021 05:13 Автор
Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының сәлемдемесін жас босанған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков жеткізді. Мамандар анасы мен сәбидің үйіне барып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыстады.…
Шымкенттегі Түркістан сарайында белгілі дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлының «Kemel adam» атты рухани кеші өтті. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта адамзат баласы кемел болу үшін қандай харекет жасауы керек? Кемелдіктің сыры неде? Автор кеш барысында осы сауалдарға жауап іздеп, көрерменге ой салды.

Жұрнақтар жоғалмасын

Среда, 22 Декабрь 2021 03:58 Автор
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мархабат Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасының премьерасы өтті. Иә, премьерамыздан қалмайтын тұрақты көрерменнің көкейінде «Ертеректе саханаланған еді ғой» деген ой туындауы мүмкін. Театр ұжымы бірнеше жыл араға салып, «Жоғалған Жұрнақты» қайта сахнаға әкелді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасы сахналанды. Премьераны шығарма авторы М.Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен жастар тамашалады.    
«Шымкент–Цирк» ұжымының қос қуанышы қатар келді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мекеменің 10 жылдық мерейтойына орай көрермендерін «Jas цирк» жаңа бағдарламасымен қуантып отыр.