ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАДЫ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 03:42 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3732 раз

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Терме – өсиет бұлағы» атты республикалық жаңа термелер байқауы өтті.

80

 

– Байқаудың мақсаты – жыр-термені жас ұрпақтың санасында жаңғырту, жас ақын-жыршылардың шығармашылығына қолдау көрсету және төл өнердің жаңа есімдермен толығуына үлес қосу. Терме сайысында сөз мағынасына және жаңа мақамға көңіл бөлінеді. Республика бойынша келіп түскен 32 термешінің ішінен оны іріктелініп, осы байқауда жеңімпаздар анықталады. Бұл байқау өміршеңдігін жоғалтпайтын жоба болады деп сенемін, – деді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов.
Байқауға республикаға танымал жыршы-термешілер мен дәстүрлі ән орындаушылар қазылық етті. Олардың қатарында әнші, термеші, сазгер, республикалық термешілер байқауының бас жүлдегері Жәкен Омаров, дәстүрлі әнші, республикалық Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың лауреаты
Кенжебай Шал, республикалық «Шалқар термесі» байқауының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі Заттыбек Көпбосынұлы сияқты өнер майталмандары бар.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған термешілер сайысының жеңімпаздары қомақты жүлделермен марапатталды.
Сонымен, бас жүлде шымкенттік Ғабит Шырынбековке бұйырса, бірінші орынды Ербол Халмұрзаев еншіледі. Екінші орынды белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиев пен Қызылорда облысынан келген Сыр өңірінің жыраулар мектебінің үздігі Күнсұлу Түрікпен өзара бөлісті. Ал үшінші орын Сынабай Қылышбек пен Елнұр Наурызбектің қанжығасына байланды.
Сонымен бірге Майлықожа атындағы арнайы жүлдені Түркістан облысынан келген термеші Руслан Ахинбеков жеңіп алса, Бекзат
Сәкенұлы Нартай атындағы жүлдемен марапатталды. Ал Қайыпназар атындағы арнайы жүлдені Кәмшат Тұрапбекова иеленсе, Қаратау мектебінің жүлдесі Алматы облысының тумасы Серік Адайға тапсырылды.