«Тарихи күндер тізбегімен» фестивалі мәресіне жетті Избранное

Среда, 26 Октябрь 2022 04:29 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5879 раз

Егеменді еліміздің салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған фестивальде Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары өнер көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді.

650

 

– Жастар арасында ұйымдастырылған «Тарихи күндер тізбегімен» фестивалі 3 күнге жалғасты. Алғашқы кезеңде ер азаматтар ұлттық ойындар бойынша сайысқа түссе, екінші кезеңде аруларымыз ұлттық тағамдарды әзірледі. Ал, ақтық сайыста дәстүрлі өнер бойынша бақтарын сынады,- деді Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай. ⁣⁣Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен сайысқа 14-29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Байқаудың басты ерекшелігі — барлық қатысушылардың ұлттық нақыштағы киім үлгісінде шығуы. Сондай-ақ, фестивалдің әділ өтуін бақылап отыру үшін «Х фактор» өнер сайысының жеңімпазы Астана Қарғабай мен жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбеков төреші болды.
Фестиваль қорытындысына сәйкес, жүлделі үшінші орынды Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің, екінші орынды Ж.Ташенов атындағы университетінің студенттері иеленді. Ал, Орталық Азия Инновациялық университеті жеңіс тұғырынан көрінді.