Әлеуметтік желі. Қартаң әйел жол бойында қар күреп жүр. Неге күрек ұстап жүр, үйінде бала-шағасын бағып тыныш жатпай ма дейтіндер де табылар. Жұмыс орны ғой. Зейнетке шыққанша осы. Кейбіреулер сияқты көше сыпырмаймын, қар күремеймін, жеңіл жұмыс, көп ақша бер деп жүрген жоқ. Ертең бейнетінің зейнетін көреді.
Осы кезде полицей келіп қолынан күрегін алды. Кейбіреулер заңсыз митингке шыққанда кемпір-шал, бала-шағаны сүйрейді деп жұртқа әзірейіл көрсеткісі келетін полицей. Қасат қарды күреп еңсеріп тастады. Қартаң әйелге жаны ашыды, бейнетін жеңілдеткісі келді. Өзінің де қарындас, апа, әжелері бар ғой.
Мейірімділігіне, жүрегінің кеңдігіне сүйсіндік. Бұл – қайырымды қала Шымкент азаматтарының қолынан келеді.
Сюжет әлеуметтік желі қолданушысы Олжас Мамырдың фейсбук парақшасынан алынды.
Б. Байдуллаұлы