Мысалы, Шымкент қалалық №130 мектептегі 2 400 оқушы оқулықпен толық қамтылып отыр. Сондай-ақ, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхананың материалды-техникалық базасы толық жасақталған. Кітапханаға келушілерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тегін Wi-fi қызметі ұсынылған.
Ал электронды оқулықтар үшін 20 ноутбук және BILIMBOOK оқыту құрылғысы жұмыс істеп тұр. 2021-2022 оқу жылы Шымкент қалалық білім басқармасына берілген сұранысқа сай 180 дана, биыл 387 дана көркем әдебиет келді. Онда «Атамұра», «Фолиант», «Мазмұндама» және «Steppe-World» баспаларында басылған, еліміздің ақын-жазушыларымыздың еңбектерімен қатар, ағылшын, француз, испан жазушыларының әлемге әйгілі классикалық шығармалары жеткізілді. Кітапханаға жаңа түскен көркем әдебиетті оқырмандардың жас ерекшелігіне қарай жүйелеп, оларды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Танысыңыз, жаңа кітаптар!» көрмесі ұйымдастырылып отырады.
Кітапханамызда ерекше жайлы атмосфера бар, тыныштықта кітап оқуға жағдай жасалған. Мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығы артып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада ұйымдастырылған іс-шаралар өз нәтижесін беруде. Ендеше, «Бәрін, бәрін білесің, Оқи берсең кітапты», – деп ақындар жырлағандай, кітап оқудан жалықпайық.
Д.АЛДИЯРОВА,
Шымкент қалалық №130 жалпы орта білім беретін мектеп
кітапханасының меңгерушісі