Версия для печати

КІТАПХАНА – ІЗГІЛІК ӘЛЕМІ

Пятница, 25 Ноябрь 2022 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1325 раз
Оцените материал
(0 голосов)

apai

Кітапхана – оқу-білімге бастайтын, ішкі мәдениетті қалыптастыратын орта. Өмірде кітап оқып, ілім жинаған адамдар жетістікке оңай жетеді. Қазіргі уақыт жастарға бой жарыстырар емес, ой жарыстырар заман болып тұр. Осы орайда мектеп кітапханалары ұстаздар мен оқушыларды әдебиетке, шығармашылыққа баулу мақсатында игі істерді қолға алып келеді.

 

Мысалы, Шымкент қалалық №130 мектептегі 2 400 оқушы оқулықпен толық қамтылып отыр. Сондай-ақ, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхананың материалды-техникалық базасы толық жасақталған. Кітапханаға келушілерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тегін Wi-fi қызметі ұсынылған.
Ал электронды оқулықтар үшін 20 ноутбук және BILIMBOOK оқыту құрылғысы жұмыс істеп тұр. 2021-2022 оқу жылы Шымкент қалалық білім басқармасына берілген сұранысқа сай 180 дана, биыл 387 дана көркем әдебиет келді. Онда «Атамұра», «Фолиант», «Мазмұндама» және «Steppe-World» баспаларында басылған, еліміздің ақын-жазушыларымыздың еңбектерімен қатар, ағылшын, француз, испан жазушыларының әлемге әйгілі классикалық шығармалары жеткізілді. Кітапханаға жаңа түскен көркем әдебиетті оқырмандардың жас ерекшелігіне қарай жүйелеп, оларды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Танысыңыз, жаңа кітаптар!» көрмесі ұйымдастырылып отырады.
Кітапханамызда ерекше жайлы атмосфера бар, тыныштықта кітап оқуға жағдай жасалған. Мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығы артып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада ұйымдастырылған іс-шаралар өз нәтижесін беруде. Ендеше, «Бәрін, бәрін білесің, Оқи берсең кітапты», – деп ақындар жырлағандай, кітап оқудан жалықпайық.

Д.АЛДИЯРОВА,
Шымкент қалалық №130 жалпы орта білім беретін мектеп
кітапханасының меңгерушісі

Последнее изменение Пятница, 25 Ноябрь 2022 04:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.