Версия для печати

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ Избранное

Среда, 17 Август 2022 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 865 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Үшінші мегаполисте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «IQ ZHASTARY» интеллектуалды ойыны өтті.

312

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат – жастардың білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
«IQ ZHASTARY» осы уақытқа дейін төрт ауданда өтіп, оған қатысқан 100-ге жуық жас бақ сынаған болатын. Қатысушылар білім мен біліктілік, пайым мен парасат, тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түстіп, финалдық ойынға 24 қатысушы жолдама алды.
Жас дарындар арасында қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жас журналистер мен кәсіпкерлер, блогерлер бар.
Кіл мықтылар өз дайындығын сынға салған жарыс тартысты өтіп, қорытындысында жеңімпаздар орталықтың атынан арнайы дипломдарпен марапатталды.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.