Бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмек алушы 2173 отбасыға дәрі қобдишалары берілді. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар. Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, «ибупрофен» және «парацетамол» дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған. Еліміздегі барлық қалаларға барлығы 145 мың жиынтық тегін таратылады деп жоспарлануда.
Шымкент қаласы бойынша «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Дәрілік қобдишалар берілетін мекен-жайлары келесідей:
Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».
Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы;
Қаратау ауданы, Қайтпас-1 шағынауданы, Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және
Нұрсат шағынауданы Арғынбеков көшесі 124, «Шахан-2», «Gramad supermarket»;
Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі -3, Айгүл аялдамасы, «Gramad».