Өткел әзірге Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар-жағармай бекетінің маңына пилоттық жоба ретінде орнатылған.
–Жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел көптеген артықшылықтарға ие. Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді. Автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа-райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді, - дейді М. Пернебайұлы.