Версия для печати

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ Избранное

Среда, 10 Февраль 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5260 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Шымкент жастар лигасы» жобасы ұйымдастырылады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте белгілі болды.

71

 

Брифингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат
Тәжиева, Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ерлан Айтбаев және Шымкент қалалық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы бұқаралық спорт жəне инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мұхтар Шаханов «Шымкент жастар лигасының» ережесімен жан-жақты таныстырды.
Ақпан айы спорт айы болып отыр. Жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Айтбаевтың айтуынша, аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылады.
Осы мақсатта барлық мектептерден футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) командалары және оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылады. Әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталады.
Лига 2021 жылғы наурыз-маусым айлары аралығында 2 кезеңде өткізіледі.
І кезең наурыз-мамыр айлары аралығында әр ауданның мектеп командалары арасында 4 топқа бөлініп өтеді. Нәтижесінде әр спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа
16 командаға жолдама беріледі.
ІІ кезеңде 16 команда арасында
1/8 финалдан бастап, 1/4 финал,
1/2 финал, финалдық ойындарда жеңімпаз командалар анықталады.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клуб» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Жобаның ұйымдастырушылары:
- Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы;
- Шымкент қаласы білім басқармасы;
- Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Последнее изменение Среда, 10 Февраль 2021 04:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.