Версия для печати

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ Избранное

Пятница, 09 Август 2019 06:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2735 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты. Ең алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді.

300

 

Аталған жылу беру орталығы «Нұрсәт» ықшамауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Мұнан соң Ерлан Қуанышұлы бастаған жұмыс тобы «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығында және «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда бұл орталықтардағы қазандықтарда орташа жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. «3-Энергоорталық» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және жылы сумен, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.
Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған қала басшысы салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың белгіленген уақытта жылумен қамтылуын міндеттеді.
Осы күні қала әкімі Ерлан Айтаханов жылу маусымына байланысты штаб отырысына да қатысты. Жиында мектеп пен денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы, ішкі орам көшелеріндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуі және қаланың тұрғын үй қорын дайындау мәселелері қаралды.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді айтқан қала басшысы отандық метеорологтардың биылғы қыстың қатты әрі ұзақ болатынын айтып отырғанын ескертті.