«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға Шымкентте арнайы үй тұрғызылуда.
Демеушілік танытқан депутаттар мен кәсіпкерлер және қоғам белсенділері «Мәртөбе» тұрғын үй алабында 250 шаршы метр құрайтын тұрғын үйді жақын арада бітіріп, екі отбасыға беруді жоспарлап отыр.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, бұл игі істерді атқаруда партия қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері өз көмектерін аямады.
Айта кетсек, Шымкентте биыл 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл үйлерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы қол жеткізуге болады. Қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің лентасы желтоқсан айында қиылады. Үйлердің жалпы саны – 26. Пәтерге шаққанда – 1164.