Енді осы дендробақта шымкенттік журналистердің де өз аллеясы болады.
Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың ұйытқы болуымен арнайы бөлінген орында көшеттер отырғызылды. Игілікті іс-шараға «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бастаған партия мүшелері де қатысты.
Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған мәселелердің бірегейі — экологиялық ахуал. Тозып бара жатқан табиғатты жасыл желек қана емдей алады. Осы игілікті іске журналистер қауымы да бір кісідей атсалысып келеді.
Б.Байдуллаұлы