Аталмыш акция аясында Шымкенттің бірқатар көшелерінде көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен оған қарасты коммуналдық қызмет көрсететін «ШымкентСпецкомплекс» мекемесі Тұран ауданының Малқаров көшесінде 10 мың шаршы метрге көгал егу, Темірлан тас жолы бойынан көгалдандыруға жер дайындау үстінде. Сондай-ақ, шөптерді орып, ретке келтіруде.
Айта кетейік, мегаполисте жеке меншік бес мекеме абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Әр ауданда күнделікті санитарлық тазалық жұмыстарына 200-300 дейін жұмысшы мен ондаған техника таратылады. Акция аясында коммуналдық мекемелер аялдамаларды жуып, ескерткіштерді тазартып, ағаштардың түбін әктеп, қопсытып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Гүлнұр БАЛАБАСОВА