Версия для печати

1182 АДАМ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ Избранное

Пятница, 02 Декабрь 2022 06:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 721 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жыл басынан бері шаһарда 834 отбасы, 1182 адам қандас мәртебесін алды. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия және Ресей елінен келгендер.

40

 

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Мұнда атамекенге оралғандар 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлерін тегін алады.
Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 15 отбасынан 49 адам алуда. Ал, қандас мәртебесін алған 1182 адамның ішінде - 574 ер адам және 608 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар - 323 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар - 565 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 294.
Қазіргі таңда қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі «Бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізеледі. Яғни қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні ішінде атқарылуда.
Айта кетейік, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда және жалдамалы жұмыстармен айналысады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.