Шымкенттің медицина мамандары елордада өткен жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыста үздік атанды. Нұр-Сұлтан қаласында кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтті.
Сайысқа республика бойынша 17 команда қатысып, Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бригадасы үздік атанды. Жерлестеріміз сайыста түрлі жарақаттар, анафилактикалық шок, ЭКГ оқу, босану, жедел коронарлы синдром, клиникалық өлім жағдайы бойынша сындардан сүрінбей өтіп, жедел медициналық қызмет көрсетуде үздік екендерін көрсете білді.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша қалалық жедел жәрдем бригадасы екінші орынға ие болды.
Айта кетсек, жарыста қалалық жедел жәрдем бригадасының құрамында дәрігер Мақсат Малыбаев, фельдшерлер Бауыржан Орынбаев мен Медетбек Салтанат сынды білікті мамандар болды.