Жыл басынан бері облыс кәсіпорындарының экспортқа шығарған өнімдерінің құны 700 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік басқармасының басшылығы мәлімдеді.
Осыған дейін оңтүстік өңірінен экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, бұл тізімді енді ортопедиялық құрал-жабдықтар, кілемдер мен жаңаша жасалған плиталар толықтыруда.
Шымкентте шығарылатын бір ғана вакуумдық түтікшелер Еуропа елдерінде саудалануда. Сала мамандарының айтуынша, экспортқа өнім шығаруда мемлекеттік қолдау зор. Экспорттық өнімді арттыру мақсатындағы жұмыстар жыл сайын жандана бермек.