Конституция тәуелсіздігіміздің – тірегі

Четверг, 31 Август 2017 03:58 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3586 раз

«Конституция» – латын тілінен аударғанда «құрылым» деген мағынаны береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей «Конституция –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Биыл бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын айшықты құжат 22 жасқа толып отыр. Осы жылдар аралығында Конституцияны басшылыққа ала отырып,  тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқарылды. Мемлекетіміздің шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік.  Біз аз уақытта дамыған 30 елдің қатарына еніп, айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті артқан әлеуетті елге айналдық. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бүкіл әлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Еуразия жүрегінде орналасқан,  Елордамызда өткізіп отырмыз. Бүгінде астанамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылып отыр.

Ең жоғары заңдық күші бар төл Конституциямыз адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары үшін қызмет ететініне кәміл сенімдіміз.

Н. ТАҒАЕВА,
ОҚО мемлекеттік архивінің археографы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.