Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерінің зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер» тақырыбында конференция өтті. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ білдірді. Біздің еліміз үшін басқа елдердің халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды.
Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі әрекет етеді, ал жинақтаушы компонент - тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердің күрделі экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудің барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды.
Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетілді. Басқа өңірлер үлгі ретінде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған зейнетақы төлеуді тағайындау тәжірибесін алып, қазір оны зерделеуде.
Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, кәсіподақ қаражаты есебінен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбір өңірде психологиялық жеңілдену бөлмесі, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудиті жүргізіледі. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесі міндетті түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжірибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкін.
Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік қызет көрсетудің бірыңғай провайдерінің тәжірибесімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атынан мемлекеттік корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры Әлия Оспанова бөлісті. Ол ағымдағы жылғы сәуірде көп сұралатын мемлекеттік қызметтерді біріктірген және құрамына төрт мемлекеттік кәсіпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіретін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияға еліміздің аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы халыққа, оның ішінде шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекетік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған міндеттерді орындау шеңберінде, мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін, халыққа мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 70 Мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді әртүрлі ноу-хаулармен бөлісті. «Ауылдарға бару кезінде тұрғындар тек мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелері бойынша кеңестер алады», - деп атап көрсетті Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердің тұрғындарына мобильді ХҚКО құру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәжірибесі форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Конференцияда мемлекеттік корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттік корпорацияны құру тәжірибесін енгізу және тәжірибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтік пен әдістемелік қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігі атап көрсетілді.
Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елінің және Грузияның мекемелері кірді. Форумда Ресейдің, Белорусьтің, Бурятияның, Молдованың, Тәжікстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттік емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлігінің еңбек және әлеуметтік сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Анықтама: «Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет Басшының тапсырмасы бойынша құрылды. «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» - төрт РМК-ні біріктірген ұйым мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып 2016 жылғы 11 сәуірде жұмысын бастады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметі