Версия для печати

Тәуелсіздіктің тірегі, ынтымақтың ұйытқысы

Пятница, 26 Август 2016 09:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4163 раз
Оцените материал
(0 голосов)

pogudx4kmuat64ueo.d4764720

Қымбатты шымкенттіктер мен қала қонақтары!

Сіздерді 30 тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – еліміз үшін ең ұлық мерекелердің бірі. Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз, мемлекеттігімізді нығайту жолында ауқымды істер атқарып, алдымызға айқын мақсат қойдық. Мемлекет басшысының жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты және Бес институционалды реформасы – Ата Заңымыздың аясында жүзеге асатын жүйелі жобалар. 

Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжатқа 21 жыл толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, дәл осындай алмағайып заманда Қазақстанның уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. 

Бүгінде Конституцияның арқасында дүние жүзі мойындаған өркенді істерге, ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.

Ата Заң қабылданғаннан бергі жылдар ішінде Шымкенттің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік дамуында тың серпілістер орын алды. Халық саны өсіп, еңбек өнімділігі артты. Қаламызда құқықтық қоғамдық пікір қалыптасты. 

Тағы бірнеше жылда біз миллионды қалаға айналмақпыз. Экономикалық белсенділік артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұның бәрі, Бас Құжатымыз – Ата Заң негізінде жүзеге асып жатқан игі істер.

Құрметті қала тұрғындары!

Конституция – тәуелсіз елдің қоғамдық қағидасын бекітті, демократияның дамуына үлес қосты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді ұзартты. Елдегі ұлт пен ұлыстың бірлігін нығайтты.
Еліміздің басты заңының бергенінен әлі берері алда екендігіне сенім білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа табыстар мен береке тілейміз!

 Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ, 
Шымкент қаласының әкімі

 Н. БЕКНАЗАРОВ,
 Шымкент қаласы 

мәслихатының хатшысы

Последнее изменение Пятница, 26 Август 2016 12:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.