×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Өзектi мәселеңiз болса...

Пятница, 08 Июль 2016 06:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5731 раз

planshetЕгер де сіздің қандай да бір әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге қатысты шағым-ұсыныстарыңыз болса, қала әкімдігінің ресми http://shymkent.gov.kz/ сайтының «Халықтық бақылау» тармағына сауал жолдаңыз. Онда сіздерге әкімдіктің жауапты сала мамандары сауалдарыңызға лайықты жауап береді. Осы орайда, қала тұрғындарының шілде айында жолданған шағым-ұсыныстарына берілген жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

С. МЕЛДЕХОЖАЕВ, көшесінің тұрғындары:

– «Қорғасын» шағынауданындағы С. Мелдехожаев көшесінің көпқабатты тұрғын үйлері жыл бойы жаңбыр мен еріген қар суларынан зардап шегіп келеді. Мұндағы үйлер сай жерде орналасқан. Сол себептен де, көшемізге ұзындығы 250 метр аумаққа су ағатын лотоктар салып, асфальтты қайта жөндеуден өткізіп беруіңізді сұранамыз.

– Аталған кемшіліктерді жою жұмыстарына қажетті сметалық құжаттамалар әзірлеуге қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу процедураларының құжаттамалары дайындалуда.
Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, қажеттілігіне орай Мелдехожаев көшесі бойындағы №92, 94, 95, 97, 98, 99, 100, 101 үй аулаларына ирригациялық жүйе жүргізуге сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджетке ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар, Мелдехожаев көшесіндегі пайда болған шұңқырларды жамау жұмыстарын, ағымдағы жөндеу жұмыстарының есебінен атқаратынын хабарлаймыз. Жұмыстар бөлінген қаржы аясында атқарылатын болады.

Қайрат ҚАДЫРОВ, қала тұрғыны:

– Тұрғын үй құрылысын салу үшін жер теліміне кезекке тұрған едік. Жалпы, жер телімі қашан, кімдерге беріледі?

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығына сәйкес, азаматтардың өтініштері арнаулы есепке алынып, жер комиссияның қорытындысы негізінде кезекке қойылады. Осы бұйрықтың 2 тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке тұрғызылу үшін мүдделі тұлғалар жеке куәлік көшірмесін тіркеп, жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш білдіру қажет екендігі көрсетілген.
Аталған заңнамада арнайы жеке бағдарламалар қарастырылмағандықтан азаматтардың өтініштері тек ғана кезектілік ретімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандыруға жататындығын хабарлаймыз.

Нұркен ТОҚАЕВ, қала тұрғыны:

– Біз «Қайтпас-1» шағынауданында Айбол аялдамасының бірінші көшесінде тұрамыз. Мұнда көше атауы және үй нөмірлері атымен жоқ. Бұл мәселе қашан шешімін табады?

– Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына орай әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру және қайта атау мәселелері (есімдері ономастикалық объектілерге берілетін тұлғаларға қатысты нақты критерийлерді әзірлеуге қатысты) уақытша тоқтатылған. Соған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысының нормаларына сәйкес, Шымкент қаласының «Қайтпас-1» шағынауданының көшелеріне атау беру мәселесі әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру және қайта атау мәселелері есімдері ономастикалық объектілерге берілетін тұлғаларға қатысты нақты критерийлері қабылданғанан соң қаралатын болады.

Жарасбек СПАБЕКОВ, қала тұрғыны:

– «Көкбұлақ» тұрғын алабындағы Бадам өзенінің арнасына салынған бетондардың сапасы төмен. 3-4 жыл бұрын салынған бетондар бүгінде көтеріліп, жардың шеті құлауда. Алдағы уақытта егістіктер мен үйлерге қауіп төндіруі мүмкін. Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен...

– Қазіргі таңда өзен арнасына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Бадам өзеніне бұдан 3-4 жыл бұрын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» МКМ Оңтүстік Қазақстан аймақтық пайдалану техникалық басқармасының филиалының тапсырысымен орнатылған дамбы, қазіргі кезде көп жерінен жарылып орнатылған темір бетон плиталарының суға кету қаупі бар екендігі анықталды. Осы мәселе бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы хат жолданды.

Алибек ТИШКИНБАЕВ, қала тұрғыны:

– Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала ретінде тұрғын үй кезегінде қандай да бір жеңілдікті иелене аламын ба?

– Сіз ата-анасынан айрылған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде №1165 кезекте тіркелгенсіз. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бірінші кезекте тұрғын үй алу басымдық құқығына ие және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.
Қазіргі таңда Сізге дейін осы санат бойынша тіркелген 1164 азамат өз кезектерін күтуде. Сондықтан Сіздің тұрғын жай мәселеңіз кезек ретімен оң шешімін табады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14-бап, 6-тармағына сәйкес, жауапқа қанағаттанбаған жағдайда құзырлы органдарға шағым жасауға құқыңыз бар.

Венера УМАРҒАЗИЕВА, қала тұрғыны:

– Ш. Уәлиханов көшесіндегі жерасты өткелін құрылыс аумағы ретінде жауып тастаған. Ол жерде тазалап жатқан кәсіпкер жоқ. Өткелді ашып, қоқысты жойып беруіңізді сұраймыз.

– 13.05.2016 жылы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының, Еңбекші аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарамасының, ОҚО мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының, «Иновация 7» ЖШС-ның және Еңбекші аудандық жергілікті полиция бөлімінің жауапты мамандары бірлесе, арызда көрсетілген мәселе бойынша Ш.Уәлиханов көшесі №192 көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан нысандарға комиссиялы түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, акт түзді. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10 бап, 1 тармағына сәйкес, егер сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, құзырлы органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Серік ӘБІШЕВ, қала тұрғыны:

– Тұл жетім әрі 1 топ мүгедегі ретінде үй кезегін уақытынан бұрын иелене аламын ба?

– Сіз халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы тізімінде, 1 топ мүгедегі ретінде ретінде 08.08.2014 жылдан бастап №5590 болып тіркелгенсіз. 24.07.2015 жылғы өтінішіңіз және ұсынған құжаттар негізінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы тізімінде тіркелген кезегіңіз ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізіміне ауыстырылды. Бүгінгі таңда бұл санат бойынша №893 кезекте тіркеліп тұрсыз.
Қазіргі таңда Сізге дейін 892 азамат (жетім) өз кезектерін күтуде. Сондықтан Сіздің тұрғынжай мәселеңіз кезек ретімен оң шешімін табады.

Дайындаған
Ж. СЕРІКҰЛЫ