БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 70 раз

Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, осы жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды.

adebi

 

Осы орайда Отбасылық балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №7 және №9 кітапхана бөлімшелері қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапханада Б.Соқпақбаевқа арналған «Балалар бағының бағбаны» кітап көрмесі безендіріліп, «Мөлдір туындылар иесі» тақырыбында талқылау өтті. Іс-шараға С. Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің 6 «а» сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашылар балаларға жазушының өмір жолынан мағлұмат беріп, шығрамаларына тоқталды. «Менің атым Қожа» повесінен Қожаның айна арқылы өзіне уәде беретін кезі бойынша «Құпия кеңес» көрінісі көрсетілді.
Оқушылар «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа, Сұлтан, Жантас, Жанар т.б кейіпкерлеріне сипаттама беріп, «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» шығармаларынан үзінді оқып, шығарма жайлы өз ойларын білдірді.
Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарды жазушы шығармаларымен кеңінен таныстырып, кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар, қазақ кино қоржынындағы тамаша туындылардың бірі «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді.
«Жазып та көрдім, мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кеш пе мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз» деп жазушы айтқандай, балалықты жазып, даналыққа жеткен Б.Соқпақбаевтың соқпағы біз үшін өлмес, өшпес мұра.

А.ҚҰРМАШОВА,
ОБКЖ- ге қарасты №7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі.

С. ЕСЕНҚҰЛОВА,
№9 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.