Президент келесі жарысты Қазақстанда өткізуді ұсынды Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 637 раз

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты.

presiii

 

Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялап, Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады.
Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті. «Фиджитал-концепцияға» негізделген турнирдің форматы физикалық белсенділікті, заманауи технология мен цифрлық ортаны ұштастырады. Шоу барысында спорт, стратегия, тактика, технология, жылдамдық секілді 5 топқа біріктірілген сайыс түрлері таныстырылды.
Ойындардың бағдарламасына классикалық спорт түрлері мен олардың 21 цифрлық баламалары бойынша гибридті спорттық жарыстар енгізілген. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша турнирге 100-ден астам елден 2 мыңға жуық киберспортшы келген.
Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түседі. Жалпы бұл турнирге еліміздің 48 өкілі қатысады.

KAZINFORM

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.