Версия для печати

Мамандар жеке кеңес береді Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 648 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте қиын өмірге тап болған пробация жастарына психологиялық жеке қабылдау өтіп жатыр. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызмет түрін биыл 150 азамат алады. Психолог мамандар жеке қабылдауға суицид жасайтындар, пробация тізімінде бар және лудоманияға душар болған жандар жүгінетінін айтты.⁣⁣

225

 

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болған іс-шараға 14-35 жас аралығындағы жастар қатысуға болады. Биыл 150 жасқа екі ай бойы психологиялық көмек беріледі. Маман әрқайсысына 10 сағатын арнайды. Мұндағы мақсат – пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп, психологиялық кеңес беру. Жастарға ой салып, жасаған қылмысын қайталамауға септігін тигізу.
–«Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беру» жобасына «Айкөмек» орталығынан – 8 ана, «Аналар» үйінен – 6 ана, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығынан – 2 жасөспірім, пробация жастары –74, жас және де білім беру мекемелерінен 60 оқушының тізімі анықталып, өтініштер қабылданды. Аталған жоба алтыншы қыркүйекте басталып, екінші қарашаға дейін жалғасады. Тәжірибелі 3 психолог маман азаматтарды үш мекенжайда қабылдайды, – деді Жастар ресурстық орталығының өкілі Айгүл Қанатқызы.
Қиын өмірлік жағдайға тап болып, №1 пробация бөлімінде есепте тұрған 32 жастағы Нұрсұлтан есімді жігіт арнайы психологтардың кеңесінен өтуде. Қарапайым такси жүргізушісі болып еңбек етіп жүрген ол психологтың қабылдауы жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтады.
–Пробация есебінде тұратын жандарға маманның көмегі өте қажет. Мемлекет тарапынан психологиялық жағынан көмек беріп жатқанына алғысымды айтамын, – деді ол.
⁣Айта кетейік, 2022 жылы бұл жобамен қалада 100-ден астам жас қамтылған. ⁣