ЕРЛЕР – ЖЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ, ЕЛ ТҰТҚАСЫ Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 331 раз

Ер бала – отбасының тірегі, елінің қорғаны. Мықты қорғаны болмаған елдің болашағы да бұлыңғыр. Рухы мықты, отаншыл ер жігіттер ел тірегі, ел тұтқасы. Жас азаматтардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, зиянды әдеттерден аулақ болу, дені сау ұлтты қалыптастыруда қаламызда насихаттық жұмыстар қолға алынған.

227

 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ұлдар кеңесі өтіп жатыр. Парасат колледжінде өткен «Ұлт тәрбиесі – ұл болашағы» атты ұлдар кеңесіне Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Раушан Асанқызы, қалалық №13 емхананың Жастар денсаулық орталығының уролог-андролог дәрігері Данияр Бабаханов, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Іс-шара барысында ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, денсаулығын күтіну, бойларына қазақ жігіттеріне тән жақсы қасиеттерді сіңіру тақырыбында әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлу, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мамандар қажетті мәліметтер берді.
Шымкент көпсалалы колледжінде «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында өткен кеңесте құқық бұзушылық, нашақорлық, буллингтің алдын алу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірмежұмыстары жүргізілді.
Игі шарада тәжірибиелі психиатр-нарколог, уролог, шекара басқармасының өкілі, полиция департаменті қызметкерлері өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дәстүрімізге байланысты әкенің беделін ұғындыру бойынша маңызды әңгімелер айтылды.
Атап өтейік, ұлдар кеңесі қаладағы басқа да оқу ордаларында жалғасады.

«ШК-ақпарат»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.