Бақытты балдәурен

Пятница, 02 Июнь 2023 04:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1098 раз

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырған «Бақытты балдәурен» атты мерекелік іс-шарада талантты балалар сынға түсті.

212

 

Іс-шараға ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қаламгер, ақын Қабылбек Төретай, ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, журналист Күлия Айдарбекова, орталықтың директоры Бахтияр Спанов қатысып, балаларға ыстық лебіздерін жеткізді.
Үш бөлімнен құралған ауқымды шараның «Балауса балалық шағым» бағдарламасында «Шұғыла» оқу орталығының суретші оқушылары «Әлем балалар көзімен» атты тақырыпта сурет салды. Сондай-ақ, «Кәусар» мектебінің шәкірттері «Ерке сылқым» және «Балбырауын» күйлерін нақышына келтіре орындады. Ұлттық залда «Тұсауыңды кесейін...» бағдарламасы бойынша, қайырымдылық шарасы жасалып, зиялы қауым өкілдері балалар үйінен келген бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ жол тілеп, өздерінің демеушілігімен сый-сыяпаттарын табыс етті.
Кеш «Ән көңілдің ажары» атты концерттік бағдарламасына ұласты. Қонақтар өнерлі балалардың ән-билерін тамашалады.
«Балаларға базарлық» айдарында демеушілер тарапынан балмұздақтар мен тәттілер таратылып, ойыншық автокөліктермен балалар орталық алаңда тегін серуендеді.

Айкерім САПАРБЕКОВА,
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері

Последнее изменение Пятница, 02 Июнь 2023 09:24
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.