Версия для печати

Ұлттық рухымыз, киелі құндылығымыз

Пятница, 02 Июнь 2023 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 875 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Атаулы күнге биыл 31 жыл толып отыр. Алдымен, тарихымызға кішкене көз жүгіртсек, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін бекіту барысында арнайы шығармашылық комиссия тағайындалған болатын. Тұлғалар бақтарын сынап, туындыларын ұсынды. Көптің ішінен Ту авторы – Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбектері бағаланды. 1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжмеденовтың «Менің Қазақстаным» әнінің бастапқы мәтінін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заманға лайықты етіп өңдеп, 2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті жаңа Мемлекеттік гимні ретінде бекітті.

210

 

Мереке қарсаңында шымкенттіктер рәміздер туралы ойларымен бөлісті. Солардың бірі жас дзюдошы Асқар Жандосұлы шет мемлекеттерде өткен жарыста бірінші орын алып, қазақтың Туын көкке көтеріп, Әнұранды әлем алдында шырқаған чемпион.
—Әр чемпионның арманы Қазақстан мемлекетінің абыройын көтеру. Өзге елді көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыздың айтылғаны біз үшін мақтаныш. Мемлекеттік рәміздеріміз бізге жігер беріп, ары қарай биік белестерді бағындыруға шабыт береді, – дейді ол.⁣⁣
Ал аэропорт қызметкері Мадина Құрбанбаева шет мемлекетке жұмыс сапарымен болсын, демалуға барғанда да сөмкесінде міндетті түрде қазақтың туы болатынын айтты. ⁣⁣
— Біздің қазақтар өте намысшыл. Әлеуметтік желілерден байқасаңыздар, көк Туымызды ешқашан аяқ асты етпей, жоғары да ұстайды. Өмірде де сондай. Мемлекеттік рәміздер, біздің қазақ екеніміздің білдіретін қасиетті мұрамыз, – дейді.⁣⁣
Жандос Батырбеков Ресейдің Питер қаласындағы ИТМО университетінде оқыған, одан бөлек, ҚР Ауыл шаруашылық министірлігінің өзге елдермен кәсіптік тәжірибе алмасу жобасы бойынша Жапонияның Токио қаласында бірнеше ай оқыған.
—Елімізде рәміздерімізге деген құрмет ерек. Әр мекеменің алдында қазақтың Туы, кабинетте Елтаңба тұрады. Оқушылар мектепке кірерде Әнұранды шырқайды. Өзім барған мемлекеттерде мекемелердің өзінде ілінген Елтаңба, Туды байқамадым, – дейді ол. ⁣⁣
Арбат алаңында жүрген жастар Мемлекеттік рәміздерімізді жаңылыспай айтып, Әнұранымызды жүрегінің тұсына қойып, соңына дейін айтып бергендер де кездесті. ⁣
Біз қазақ деген патриоттық елдің ұрпағымыз. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанымызды, халқымызды шынайы жүрекпен сүюдің көрінісі. Себебі, мемлекеттік рәміздеріміз біздің ұлттық рухымыз, киелі құндылығымыз.

Последнее изменение Пятница, 02 Июнь 2023 09:24