Жас туристер жарысты Избранное

Пятница, 05 Июль 2024 05:48 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 696 раз

Шымкентте «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 18-20 мамыр аралығында Сайрам ауданының Құтарыс елді мекеніндегі «Ақсу» сауықтыру лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының қалалық слеті өтті. Слетке 12-17 жас аралығындағы оқушылардан құралған, ауданаралық кезеңнен іріктеуден өткен 20 команда, 780 бала қатысты.

8 turister

 

Қатысушылар бес номинация бойынша сайысқа түсті.
«Ат туризмі» номинациясында қатысушылар ат туризмін дамыту перспективалары бойынша іздеу-зерттеу жобаларын қорғады. Бұл номинацияда 1-орынға қаладағы №46 мектеп-лицейі ие болды. 2-орын С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі, 3-орын Ю.Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі командаларына бұйырды.
«Туристік маршруттар» номинациясы бойынша командаларға туристік маршруттар ұсынылуы тиіс болған. Команданың бір мүшесі ұзақтығы 100 шақырымдық, кемі 5 күнге далалық жағдайда тұруға арналған жаяу туристік саяхаттар, жорықтар маршруттарын ұсынды. Бұл маршруттар тарихи, сәулеттік, мәдени-рухани орындар мен табиғатқа шығу бағыттарын қамтуы тиіс.
«Туристік маршруттар» номинациясы бойынша 1-орын – №46 мектеп-лицейіне, 2-орын – «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ, 3-орын – З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп лицейі командаларына берілді.
«Туристік кедергілер жолағы» номинациясында қатысушылар төрт кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өтуден жарысты. Яғни, олар аспалы өткелден, параллель таяныштардан өтті. Алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл номинацияның 1-орны - «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ, 2-орын - №135 ЖОББМ, 3-орын №97 ЖОББМ командаларына бұйырды.
«Туристік түйіндер» номинациясында команда мүшелері туристік түйіндерді байлаудан жарысты. Екі қатысушы байқау төрешісінің бұйрығы мен нұсқауы бойынша 12 туристік түйінді кезекпен байлады. Бұл номинация бойынша 1-орынға – №55 ЖОББМ, 2-орынға – «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ, 3-орынға Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі командалары ие болды.
«Туристік әндер» байқауында команданың 1 қатысушысы музыкалық аспапта ойнау бойынша өнер сайысына қатысты. Төрешілердің шешімімен 1-орын – С.Ерубаев ат.№24 мектеп-лицейі, 2-орын – №86 ЖОББМ, 3-орын №1 Оқушылар сарайы командаларына беріді.
«Алғашқы медициналық көмек» номинациясында 1-орынды – «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ, 2-орынды – №97 ЖОББМ, 3-орынды – Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы командалары ұтып алды.
Ал, жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ, 2-орынға - №46 мектеп-лицейі, 3-орынға №55 ЖОББМ командалары шықты.
Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі» ЖШС, «Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы» КММ, №132 жалпы орта білім беру мектебі мамандарының төрешілік жасауымен өткізілді.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшылығы орын алмаған командалар мен жетекшілеріне ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Қалалық слеттің жеңімпаздарынан іріктелген топ биыл қыркүйек айында өтетін республикалық слетте Шымкент қаласының намысын қорғайды.

Мұхтар КЕРІМБЕКОВ,
«Экология, өлкетану жәнетуризм орталығы» 
КММ Туризм бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.