Қанат рекорд жасады Избранное

Среда, 21 Июнь 2023 05:27 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 2828 раз

Абай саябағындағы жаңадан ашылған скейт-парк аймақта кезекті рет «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық жарысы өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, BASQAZHOL спорттық қозғалысы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға жалпы 200-ден астам қала тұрғыны қатысып, бақ сынады.

202

 

Алдымен BASQAZHOL спорттық қозғалысының мүшелері көпшілікке өз шеберліктерін паш етті. Әрі қарай қатысушылар 15-25, 25-35 және 35 жастан жоғары санат бойынша күш сынасып, көше спортының мықтыларын анықтады. 18-25 жас санатында Қанат Құлтай қоссырықта қолын 180 рет бүгіп-жазып, сайыстағы рекордтық нәтижені тіркеді.

203


Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сый-сыяпаттар және дипломдар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры – 1 млн теңге. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Мақсат Орынбаев жүлдегерлерді марапаттап, бұқаралық спорт фестивалінде ең мықтылар жеңіске жеткенін атап өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.