КӨКТЕМГІ СЕРПІЛІС Избранное

Среда, 17 Май 2023 04:40 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 2343 раз

Қалалықтар қыркүйек айында өтетін «Шымкент Марафон-2023» спорттық шарасына қазірдің өзінен дайындықты бастап кетті. «Шымкент марафоны» қоғамдық қоры салауатты өмір салтын қалыптастыру мәдениетін насихаттауда және дайындықты пысықтауда «Көктемгі жүгіру» спорттық шарасын ұйымдастырды.

81

 

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен жарысқа 300 спортшы қатысты, оның 100-і 13 жасқа дейінгі балалар. Бұл – Шымкентте салауатты өмір салтын ұстануға деген бетбұрыстың жақсарғанының дәлелі. Желаяқтар аламанында ұйымдастырушылар мен еріктілерден құралған тағы бір команда, яғни 300 адам қосымша қатысқан. Жалпы жексенбілік спорттық жарысқа 600-ден астам адам қатысып, жүгірушілер жас ерекшеліктеріне қарай жеті санатқа бөлінді. Спортсүйер қауымға барлық мүмкіндіктер жасалды. Әрбір қатысушыға ауыз су, тамақ, сонымен қатар фиништің бірегей медалі және ең бастысы ұмытылмас эмоциялар берілді.
Ал ересек санаттағы жарыс жеңімпаздарына абонемент және Royal Fitness & SPA және Kasiet фитнес клубтарына қонаққа бару мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал кішкентай желаяқтар жоба серіктестерінің тәтті сыйлықтарымен марапатталды.

82


Ұйымдастырушылар көктемгі бәйге жыл сайынғы дәстүрге айналып, қаланың әрбір тұрғыны өз дистанциясын жүгіріп өтіп, бұл күн отбасылық мерекенің атмосферасына айналады деп уәде берді. Көктемгі жарыс 2023 жылдың 17 қыркүйегінде Шымкентте басталатын жеңіл атлетика марафонының өзіндік «репетициясына» айналды.
Shymkent-marathon.kz сайтында қыркүйектегі марафонға қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Оған 6 мыңнан астам үміткер қатысады деп күтілуде. Жүлде қоры 14 миллион теңгені құрайды. Бұл өңірдегі ең ірі спорттық шара.Марафонға қатысу үшін тіркелу құны ай сайын өсіп келеді, сондықтан дәл қазір тіркеліңіз!

А.КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.