ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖАНДАНАДЫ Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1149 раз

Әл-Фараби кітапханасында Конститутция күніне орай «Конституцияға енгізілген өзгерістер аясында жаңа саяси реформалардың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Қайрат Анарбаев және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

33

 

Еліміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл 27 жыл толды. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, ашық әрі әділетті қоғам құруға жол ашып отыр. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктері күшейе түсті.
Қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов Конституциялық реформалардың бәрі де халық үшін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Жер туралы өзгеріс, конституциялық соттың құрылуы халық көңілінен шыққанын жеткізді.
Қоғамдық кеңес төрағасы халықтың құқықтық сауатын арттыруда ақпараттық-насихаттық жұмыстар жандана түсетінін айтты
– Жаңа саяси реформалардың перспективаларын Қоғамдық кеңесте талқылаймыз. Білім беру ұйымдарында да бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер басталып кетті. Халық саяси реформалардың нәтижесін, жалпы өзгерістерді күтіп отыр, - деді Б.Әлтеев.
Айта кетсек, қалада ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуде ҮЕҰ-дың белсенділігі артпақ.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « Құрметті қала тұрғындары! Балалар қуанған күн »