«Бекжан» сауда орталығында Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының Абай ауданындағы филиалы ашылды.
Үшінші мегаполистегі Абай ауданында 320 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл қажеттіліктен туындап отыр, – дейді жауаптылар.
Өткен жылы Абай ауданынан атаулы әлеуметтік көмекке 27 мың отбасы өтініш білдірген. Ағымдағы жылы аталған ауданнан 25 мыңнан астам отбасы АӘК-ке құжат тапсырады деген болжам бар.
Жаңа бөлімшеге Ынтымақ-1, Ынтымақ-2, Самал-3, Ақниет, Ақжар, Құрсай, Қазығұрт, Қызылжар, Жайлау-1, Жайлау-2, Қорғасын-1, Жаңаталап, Тұрлан, Қатын-Көпір шағын аудандары жақын орналасқан.
Айта кетсек, 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 82 145 отбасыдан немесе 386 998 адамнан өтініш қабылданған. Нәтижесінде 62 200 отбасыға немесе 288 726 адамға көмек тағайындалған.