ЖАҢА ЖҮЙЕ НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 380 раз

«Асар» шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасынан «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Үшінші мегаполисте алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталығының ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.

JANAJJ

 

 

Орталықта медицина қызметкерлерін оқыту, ауруханада балаларын алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңес беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қала әкімінің орынбасары ендігі ретте мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті.
– Бағдарлама балалардағы ең маңызды ауруларды (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ балаға қауіпсіз даму ортасын қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайту және бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, – дейді аурухананың бас дәрігері Динара Жұмаділова.
Көпшілік жаңадан ашылған орталықтың мүмкіндіктерімен танысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.